Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. 7kun.kz – «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясы« Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Асқар Омаров атқарып келген еді. Ол Ержан Бабақұмаровтың орнына ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992) және Түркияның Мармара (1992-1996), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998), Ыстанбұл (1998-2001) университеттерінде білім алған.
Еңбек жолын 2001-2005 жылдары – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер болып бастады.
2005-2006 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер;
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары;
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі;
2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары;
2012-2014 жылдары – Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болды.
2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті, 2015 жылғы маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады.
2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде «2030 жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия» атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды.
2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымын атқарып келді.
2018 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып екінші мерзімге тағайындалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024