Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Сенат спикері қызметіне Дариға Назарбаева тағайындалғаны мәлім болды.
Жасырын дауыс беру кезінде оның кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдады. Дариға Назарбаеваны бұл лауазымға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.
Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келді. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, С. М. Кирова атындағы ҚазМУ-нің тарих факультетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.
1992-1994 жылдары - «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті;
1994-1995 жж. - «Қазақстан теледидар және радио» республикалық корпорациясының вице-президенті - «Хабар» ұлттық телеарна агенттігінің директоры;
1995-1998 жылдары - «Хабар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры;
1998 жылдан 2001 жылға дейін - «Хабар» агенттігінің президенті;
2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін - «Хабар» агенттігінің директорлар кеңесінің төрағасы;
2007 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорының директоры;
2007 жылдан 2010 жылға дейін - «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
2012 жылы - Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасының орынбасары;
2014-2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің вице-спикері және «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының жетекшісі;
2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қыркүйек айына дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
2016 жылдың 13 қыркүйегінен - Парламент Сенатының мүшесі;
2016 жылдың 16 қыркүйегінен - Сенаттың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
2017 жылғы 16 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қоғамдық кеңесін басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024