Алматы. 5 қыкүйек. 7kun.kz – 2019 жылдан бастап алғашқы медициналық көмек көрсету тарифын көтеру арқылы бейінді мамандардың еңбекақысы 20%-ға артады, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Елімізде бір дәрігерге 2 мыңға жуық адам қаралады. Жыл басынан бері 9 млн қазақстандық азамат алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген. Алайда соңы өлімге алып келетін кардиология, онкология сияқты аурулардың алдын алуға тұрғындар бей-жай қарайды екен.
«2018 жылы бүкіл республика бойынша 1 млн тұрғын ғана мамандар көмегіне жүгінген. Осы орайда елімізде шағын медициналық орталықтар санын арттыру жоспары бар. Ал, жыл аяғына дейін халық түгелдей электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай паспортымен қамтамасыз етіледі», - деді министр.
Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





