Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады

Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – Белгілі қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыханов Алматыда бірнеше адамды соққыға жыққан ұлы үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі заңгерді соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, кіші ұлы Нұрасыл мен ерлі-зайыпты заңгерлер арасындағы жанжал ақпанның 11-іне қараған түні болған.

«Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге, мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын», – деп жазды ол.

Алматы полиция департаментінде бұл факт қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелгені хабарланды.

«Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалар жасалады. Қазіргі уақытта істің материалдары тергеуді анықтау үшін қала прокуратурасына берілді. Өйткені күдікті әскери қызметші», – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Похожие материалы