Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Арыс тұрғындарына Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан азаматтардың саны артып келеді. Бүгін халықпен есептік кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Арыстағы ағайынмен біз де бірге екенімізді айтқым келеді. Кешегі қайғылы оқиғада қаза болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жарақат алған кісілердің тез сауығып кетуін тілейміз. Біз тағы да елдігімізді таныттық, осындай тосын оқиғаларда бір жұдырықтай жұмыла білетін бірлігімізді көрсеттік. Арыстан уақытша эвакуацияланған ағайынға Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан азаматтардың да саны артып жатыр», - деді ведомство басшысы.
Осы орайда, министр кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, халыққа тиісті қолдау мен көмек көрсетілетінін айтқанын еске салды.
«Кешеден бері «Арыс, біз біргеміз» атты акция ұйымдастырылып жатыр. Біз де арыстықтармен біргеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері де зардап шеккен қалаға көмек ретінде бір күндік жалақымызды аударамыз. Біздің министрлікке қарасты ұйымдар да осындай қадам жасап жатыр екен. Бұл бастаманы қолдаймыз», - деді Дәурен Абаев.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024