Өңдеуші өнеркәсіпті қаржыландыру бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан алынған бірінші транш аясында Қазақстанның даму банкі арқылы 18 млрд теңге соммасына 13 жоба мақұлданды деп хабарлайды ҚДБ баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда 3,5 млрд теңге соммасына алты жоба бойынша қаржыландыру ашылған. Бұл ретте, бағдарлама бойынша қаржыландыру лимиті 200 миллионнан 5 млрд теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.
2014 жылдың желтоқсанында ҚДБ өңдеуші өнеркәсіптегі ірі жобаларды ұзақ мерзімді несиелендіру үшін Ұлттық қор траншынан 13 коммерциялық серіктес-банктерге 50 млрд теңге бағыттаған еді. Жоба жоспары бойынша, ҚДБ азық-түлік, киім, қағаз бұйымдар, кокс пен мұнай өңдеу өнімі, негізгі фармацевтикалық өнімдері және дәрі-дәрмектер өнеркәсіптерін қоса алғанда, 23 саладағы жобалар үшін қаражат бөлді.
Несие беру шарттарына сәйкес, сыйақының номиналды мөлшерлемесі көп дегенде жылдық 6%-ды қамтиды, несие беру мерзімі - 10 жылға дейін, қарыз валютасы - теңге, негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдік кезеңі - 24 ай, қаражатты игеру мерзімі - 18 ай.
Ақпарат көзі: vlast.kz
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024