Хатта "2017 жылдың 31 қаңтарында соңғы оныншы сыйақылық купон бойынша 469 млн 523 мың 725 теңге көлеміндегі төлем жасалған еді", - делінген.
KASE-нің мәліметтеріне сенсек, жалпы құнды қағаздағы купонның бұл көлемі 9,5 пайыз.
Бұған дейін Капитал.kz хабарлағандай 2017 жылдың 1 қаңтарында БЖЗҚ инвестпортфеліндегі Delta Bank активтерінің жалпы сомасы 38,4 млрд теңге, яғни барлық зейнетақы жинағының 0,5 пайызы. Сонымен қатар, аталмыш портал банктің облигациялар арқылы 9,8 млрд теңге қарыз алғанын, оның 97,9 пайызы БЖЗҚ қаражатына тиесілі екенін хабарлаған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін S&P Дельта Банктің ұзақ және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «СС/С-дан» «D/D-ға» («дефолт») дейін, ал қамтамасыз етілмеген облигацияларының рейтингін «СС-дан» «D-ға» дейін төмендетіп тастаған. Сонымен қатар, банктің ұлттық шкала бойынша рейтингі де «kzCC-дан» «D-ға» дейін төмендеген.
«Рейтингке банктің банктің 9,8 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарызын жаба алмағаны әсер етті. Бұл қарыз 2017 жылдың 14 ақпанында аяқталған льготты мерзім аралығында ішкі нарыққа шығарылған басымдыққа ие облигацияларға тиесілі», - делінген хабарламада.
"Delta Bank әлі де Ұлттық банк тарапынан көрсетілетін көмекке үміт артып отыр. Бірақ реттеуішпен алдын ала келісілгендей, көмек тек мажоритар акционер Нұрлан Тілеубаев сұранысқа ие қаражатты өтеген жағдайда ғана көрсетіледі. Біз "Delta Bank" АҚ-ның рейтингін қаржы реттеуші немесе акционер тарапынан көмек көрсетілген жағдайда және банк барлық құнды қағаздарының төлемін өтегенде ғана қайта қарастырамыз"- деді S&P компаниясындағылар.
Осы жылдың 15 ақпанында Delta Bank KZP01Y05E178 (KZ2C00001709, NFBNb2) облигациялары бойынша қарыздың өтелмегенін және оның жақын арадағы қайтарылатын уақытын жариялаған еді. Бұл облигациялардың шығарылымында көрсетілгендей қарыздың нақты сомасы мен соңғы сыйақы купонының төлемдері 2017 жылдың 18-31 қаңтар аралығында өтелуі тиіс болған. Delta Bank 2017 жылдың 1 ақпанында KASE-ге жолдаған ресми хатында "алғаш шығарылған облигациялардың нақты құны - 9 884 710 000 теңге. Жоғарыда көрсетілген облигациялар бойынша соңғы, оныншы купонның сыйақысы 469 523 725 теңгені құрап, 2017 жылдың 31 қаңтарында толықтай өтелді. Осы баяндалған ақпарат негізінде банк 9 884 710 000 теңге көлеміндегі облигациялардың нақты құнын 10 жұмыс күні ішінде толықтай өтеуді жопарлап отыр", - делінген.