Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 273 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 35% артық (ФКИ – 142,8%), деп хабарлайды finprom.kz.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция көлемі 202,2 млрд теңгені құрады, бұл рекордтық 2020 жылғы көрсеткіштен құндық мәнде 33,7% аз.
Өңірлер бойынша 2022 жылы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына салынған барлық инвестицияның үштен бір бөлігі тек Астанаға тиді: 92,8 млрд теңге. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы (21,6 млрд теңге), Жамбыл облысы (20,6 млрд теңге), Алматы қаласы (18,6 млрд теңге), Түркістан облысы (17,5 млрд теңге), Шымкент қаласы (16 млрд теңге), Қарағанды облысына (15,5 млрд теңге) мол инвестиция салынды.
Ең төменгі көрсеткіш Атырау және Ұлытау облыстарында тіркелді: тиісінше 1 млрд теңге және 1,4 млрд теңге.
Салаға салынған инвестициялардың үштен бірінен сәл астамы кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етілді: 94,3 млрд теңге – 2021 жылмен салыстырғанда ақшалай түрде 61,8% көп.
Тағы үштен бірін жергілікті бюджеттер қамтамасыз етті: 90,7 млрд теңге (жылдық өсім 49,2%). Сондай-ақ айтарлықтай көлем республикалық бюджетке (60,3 млрд теңге, бір жыл ішінде өсім – 2,6 есе) және банктік емес несиелерге (21,8 млрд теңге, жылдық азаю – 2,3 есе) түсті. Банк несиелері есебінен 5,8 млрд теңге ғана қамтамасыз етілді – бір жыл бұрынғыдан 30,5% аз.
Ал денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 217,2 мың теңгеден 2022 жылдың сәйкес кезеңінде 245 мың теңгеге дейін өсті. Саладағы жалақының сатып алу қабілеті 0,5% төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024