Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қамалжан Талғатұлы Надыров ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қ. Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебін тәмамдаған. Әртүрлі жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» клиникалар тобы (Түркия), «Oxford «Social Health Insurance system» (Германия) оқудан өткен. .

2007–2014 жылдары Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған.

2016–2017 жылдары — «University Medical Center» бөлімшесінің директоры — Республикалық диагностикалық орталықты басқарған.  

2017–2018 жылдары — Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы. 2018 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Похожие материалы