Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда теңгемен ашылған депозиттер бойынша өтемақы төлеуге 304,4 миллиард теңгеге өтініш түсті. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, 20 қаңтарға дейін түскен өтініштер өтемақы алатын барлық салымшының 92,3%-ын құрайды. Өтініш қабылдау 10 ақпанына дейін жалғасады.
Үкімет пен ұлттық банктің арнайы бағдарламасы аясында 5 миллионнан астам депозитке өтемақы төленеді. Статистика бойынша депозиттерінде 1 миллион теңгеден астам ақшасы бар азаматтардың 94%-ы өтемақы алуға өтініш берген.
«Өтінішті банктердің бөлімшелерінде немесе мобильді қосымша арқылы онлайн беруге болады. Банктер өтемақыны 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін төлей бастайды. 10%-дық өтемақы есептелуі мүмкін максималды сома бір банкте 20 миллион теңгені құрайды», – дейді мамандар.
Айта кетейік, сыйлықақы алу үшін салымды 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақтау керек.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024