Депозиттер бойынша өтемақы: банктер 300 млрд теңгеге жуық өтінімді қабылдады
Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – 1 қаңтарда теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш беру мерзімі аяқталады. 27 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер 298,8 млрд теңгеге өтінім қабылдады, бұл мемлекет ұсынатын өтемақының әлеуетті сомасының 89%-ын құрайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
2022 жылғы 23 ақпанға дейін ашылған теңгелік депозиттер бойынша сыйлықақы мөлшері – 10%.
ҚДКБҚ 2022 жылдың соңына дейін қазақстандықтардың депозиті орналастырылған банкке өтініш беру арқылы өтемақы алуға келісімін растай алатынын атап өтті. Мұны 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірілмей жасалу керек.
«Сыйақы төлемдеріне үмітті салымшылардың барлығы әлі банктерге өтініш берген жоқ. Қазақстандықтарды өтемақы мөлшері аз болса да, төлемді алу құқығын пайдалануға шақырамын, себебі өтініш беру үдерісі бірнеше минутты ғана алады. Көптеген банктер бұл қызметті мобильді қосымшаларда немесе ЕДБ сайтында жүзеге асырады. Өтемақы төлемдері 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін басталады. Бір банкте 10% өтемақы алуға болатын ең жоғары сома – 20 миллион теңгені құрайды», – деді ҚДКБҚ Төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергенов.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, сыйақы алуға үмітті шоттардың 71%-ы 100 мың теңгеден аспайтын депозиттер.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024