Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz – Биылғы маусымда депозиттердің долларлану деңгейі 44,5%-ды құрады, деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.
Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері шілденің соңында, алдын ала деректер бойынша, 30,9 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 56,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер жылдың басынан бері 1,6%-ға немесе 1,4 млрд АҚШ долларына төмендеп, 87,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Ұлттық Банк төрағасы орынбасарының айтуынша, депозиттік ұйымдардағы депозиттер маусымның соңында 17,8 трлн теңгені құрады. Оның құрылымында ұлттық валютадағы депозиттер бірінші жартыжылдықта 9,9 трлн теңгеге дейін 8,2%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 7,9 трлн теңгеге дейін 4,9%-ға төмендеді. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі маусымда 44,5%-ды құрады.
Жинақтау валютасын таңдау кезінде айырбастау бағамының айқындаушы фактор ретіндегі рөлі төмендеп жатқанын атап өту қажет. Мұны теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының әлсірегеніне қарамастан биылғы жылғы мамырда және маусымда теңгедегі депозиттердің өсуі көрсетіп отыр. Теңгедегі салымдар мамырда 0,2%-ға, ал маусымда – 5,4%-ға өсті. Осының салдарынан депозиттердің долларландыру деңгейінің төмендеуі жалғасуда.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024