Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат Балиева: елде педофилдер көбейіп барады

Депутат Балиева: елде педофилдер көбейіп барады

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz -  Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда 2017 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық 33% өскен. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстандағы балалардың құқықтары жөніндегі комиссары Зағипа Балиева мәлімдеді.

Депутат сөзін kazpravda.kz-ке сілтеме жасап ktk.kz хабарлады. «2017 жылғы 9 айдың нәтижелерін 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырсақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс 100-ден 133-ке дейін, 33 пайызға артып кетті », - дейді Балиева. Сондай-ақ, оның айтуынша, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық 83 жағдайдан 108-ге дейін өсіп, 31 пайызды құрады. «2016 жылы Қазақстанда 180-нен астам бала зорлықтан зардап шекті, бұл 2015 жылға қарағанда аз болса да, елде педофилия дамып келеді», - деп жалғастырды депутат. Зағипа Балиева 2018 жылдан бастап Қазақстанда педофилдердің химиялық кастрациясына мүмкіндік беретін норма қабылданғанын еске салды. «Алайда, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде, мына мәселені көтергім келеді: бұған денсаулық сақтау жүйесі мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері қаншалықты дайын? Егер бас бостандығынан айыру орындарында бұл мәселе қандай да бір түрде шешілсе, жазасын өтеген және шығатын қылмыскерлермен не істеу керек?» - деп қорытты Балиева.

Похожие материалы