Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынды

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген бүгін түнде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы хабарлады.

«Бүгін түнде Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылып отыр (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі)», - делінген хабарламада.

Алматы прокуратурасы қаңтар оқиғасы бойынша қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын растады. Оны ведомствоаралық жедел-тергеу тобы ұстаған.

Айта кетейік, Алматыдағы қаңтар тәртіпсіздіктері кезінде Қайрат Құдайберген «Диккий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қасынан көрінген болатын. Қазір Жұмагелдиев тергеу мерзіміне қамауға алынды.

Похожие материалы