Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі басшылығының қызметін реттеуді ұсынды

Депутат Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі басшылығының қызметін реттеуді ұсынды

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz - Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің басшылығының жұмысын реттеуді талап етті, деп хабарлайды LS.

Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында ол Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі төрағасының орынбасары Айжан Медеуованың туыстары жеңілдікпен үш пәтер алғанын айтқан.

«Мемлекет басшысының мұндай тәртіпсіздікті тыю керек деген тапсырмасына қарамастан, төраға орынбасарының отбасы 3 пәтер алу үшін льготпен миллиондаған сомаға кредит алған. БАҚ-та жарияланған ақпараттарды салыстырып қарайтын болсақ, сол кездері коммерциялық банктегі ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі 20%-ға жеткен. Ал орынбасардың отбасы пәтер сатып алу үшін Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінен 4 пайызға несие алған», — деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, «Бәйтерек» холдингіндегілер де, банктегілер де бұл жағдайда ешқандай ереже бұзылмаған деп есептейді.

«Көптеген қарапайым қазақстандықтар баспаналарынан айырылып қалмау үшін балаларының қажеттіліктеріне қимай, екі-үш жерде жұмыс істейді. Мемлекеттік банк басшысының туыстары тамаша пәтерлер үшін айына 20 мың теңге төлейді. Бізге басқа қай жерде қарапайым адамдар үшін мұндай жағдай қарастырылғанын айта аласыз ба? Егер мұндай жағдай ешқандай ережені бұзбаса да, қоғам алдында әдепсіздікпен тең болады», — деді Барлыбаев.

Осыған байланысты депутат министрлер кабинетінің басшысын Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің қызметін тәртіпке келтіруге шақырды.

Похожие материалы