Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутат Жер банкін құруды ұсынды

Депутат Жер банкін құруды ұсынды

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Депутат Жексенбай Дүйсебаев Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін халық шаруашылығы банкін іске қосуды ұсынды.

«Ауыл шаруашылығындағы ең маңызды сәт - соңғы нәтижені алу. Бірақ біз қаржыландыру институттары негізінен делдалдар құқығына жұмыс істейтінін көріп отырмыз. Ал делдарда ауыл шаруашылығы нәтижеге жету үшін қызығушылық жоқ. Өкінішке қарай, бұл ақша негізінен соңғы тұтынушыға, ауыл шаруашылық өндірушісіне жетпейді», - деді депутат Жексенбай Дүйсебаев Мәжілістегі «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудың проблемалық мәселелері» атты дөңгелек үстелі барысында.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығын қолдаумен айналысатын қаржы институттарының санына наразылық білдірді.

«Міне, қараңыздар, бізде ҚазАгродан бастап, ҚазАгроҚаржы, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығын қолдау қоры, несие серіктестіктері, ЕДБ, МКҰ, «Даму» қоры қаншама институт бар. Қаншама институт және олардың бәрі ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінетін ақшаға өмір сүреді. Ақша шаруаларға дейін қалай жетсін? Ешқашан жетпейді. Осыған байланысты нәтиже де болмайды», - деді депутат.

Ж. Дүйсебаев ауыл шаруашылығын қаржыландырумен және қолдаумен бір ұйым айналысуы тиіс деп санайды.

«Қаржы бір жерде жиналуы керек. Менің ойымша, Жер банкін құру уақыты келді. Жер банкі бәріне ұнайды. Өйткені бұл жер қойнауы, құрылыс, фабрика және басқа да кәсіпорындардың салалық банкі емес, ауыл шаруашылығы, 220 млн га жердің банкі. Жерден барлығы өседі - құрылыс та, астық та, үн да, сүт те. Бұл салалық банк емес, ол халық шаруашылығының банкі. Негізінен агроөнеркәсіп кешені көрініс табады», - дейді Жексенбай Дүйсебаев.

Похожие материалы