Deutche Bank сарапшылары осы жылдың соңында еуро бағасы доллармен теңесе түседі, 2016 жылы 90 цент, ал 2017 жылы 85 центке дейін арзандайды деп болжайды. Қазір еуро 1,07 доллар тұрады.
Еуроның долларға қатысты бағамының құлдырауына Еуропадағы капиталдың сыртқа кетуі себеп болып отыр дейді банк сарапшылары Р.Уинклер және Дж.Саравелос. Соңғы 6 ай ішінде 300 млрд еуро капитал Еуропа аумағынан тыс жерге кетті деп жазады РБК.
Еуропалық қаржының көпшілігі АҚШ пен Канада, Ұлыбританиға ағылған. "Еуропадағы капиталдың сыртқа кету көлемі біз күткеннен де көп. Біздің есебімізше, соңғы бірнеше жыл ішінде еуроаймақтан кеткен қаржы көлемі 4 трлн еуроны құраса, 2017 жылы бір еуро 85 цнт болады", - деп жазады Р.Уинклер және Дж.Саравелос өз сараптамаларында.
Банк мамандарының баяндауынша, еуроаймақтағы ағымдағы операциядағы есепшоттардың профициті 2011 жылдан бері артып келеді, өткен жылдың соңында ол 234 млрд еуроға жетті. Корпорациялар инвестиция салумен айналысудың орнына қосымша қаржы қорын құру үшін үлкен табысты пайдалануға тырыс жатыр. Бұл уақытта еуроның долларға қатысты бағамы 1985 жылдан бері максимальды көрсеткішке төмендеді.
"Еуроаймақтағы ағымдағы операциядағы есепшоттардың профициті үлкен инвестициялардың шетелге шығуына себеп болды", -дейді Уинклер мен Саравелос.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024