Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Deutsche Bank АҚШ билігіне $258 млн айыппұл төлейді

Deutsche Bank АҚШ билігіне $258 млн айыппұл төлейді
Deutsche Bank санкциялар тәртібін бұзғаны үшін АҚШ билігіне 258 миллион доллар төлейді. Бұл туралы izvestia.ru хабарлайды. Тергеу мәліметтері бойынша 1999-2006 жылдар аралығында аталған банк ресми Вашингтонның тыйым салған тізіміне енген мемлекеттерде жасырын бизнес жүргізген. Америкалықтардың санкциялар тәртібін бұзған операциялар Иран, Ливия, Сирия, Мьянма және Судан елдерінің кәсіпорындарымен жасалуы мүмкін. Deutsche Bank енді филиалдарында тәуелсіз тексеру жүргізуге міндетті. Еске салайық, осыған дейін банк басшылығы 15 қызметкерін қысқартып, 10 мемлекеттегі бөлімшелерінің жабылатыны туралы жариялаған еді.

Похожие материалы