Германиялық қаржы алпауыты Deutsche Bank банк басқармасының тең төрағалары Аншу Джейн және Юрген Фичен отставкаға кетеді деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Бақылаушы кеңестің 54 жасар мүшесі Джон Крайен 1 шілдеден бастап басқарманың тең төрағасы болады, ал Фичен кеткеннен кейін Deutsche Bank басшысына айналады. Осыған дейін Крайен швейцариялық UBS банкінің қаржы директоры қызметінде жұмыс істеген. Deutsche Bank хабарлауынша, Фичен өз лауазымында 2016 жылдың мамырына дейін болады. Соңғы уақытары банктың атауы бірнеше ірі даулы жанжалдарға араласып жүр. Сәуірдің соңында қаржы мекемесіне американдық және британдық реттеуіштер 2,5 млрд доллар көлемінде айыппұл салды. Бұған банктің лондондық банкаралық (LIBOR) нарықта несиелендіру бәсімен айлы-шарғы жасауы себеп болған. Сол кезде Мюнхенде Deutsche Bank-тың қазіргі және бұрынғы басшыларына қатысты сот процесі басталған еді. Deutsche Bank - Германияның ірі қаржы конгломераты, әлемдегі ең маңызды трансұлттық банктердің бірі және валюталы нарықтың негізгі қатысушысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024