Теңгенің құнсызданатыны туралы бизнесмендер де, экономист сарапшылар да 2014 жылдан бері айтып келді. 7kun.kz қазіргі құнсыздануға дейін олардың не дегені және оның орындалған, орындалмағаны туралы жариялап отырмақ.
Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов 23 қаңтарда Қазақстандық автобизнес ассосациясының 2014 жыл қорытындысына арнап ұйымдастырған баспасөз мәслихатында кезекті девальвация ұлттық валютаның беделін түсіреді деген еді. «Теңгені құнсыздандырамыз, бұдан тұтынушыға соққы беруден басқа эффект алмаймыз. Жеке пікірім. Тіпті, әріптестеріміздің арасында ортақ пікірге келе алмай жүрміз – әрқайсысы өз сценарийін көреді, экономикалық білімі барлары нарық заңдылығы деген сияқты пікірлерді айтады. Мен адамдардың жағдайын көріп отырмын, егер екінші рет девальвациялық соққы болса, осындай бірден құнсыздану болса, олар психологиялық тұрғыда шыдамайды. Бұл ұлттық валютаның беделін түсіреді. Бізде долларландыру өте жоғары деңгейде. Моральдық соққы, егер деввальвация бірден болса, тұтынушылар нарық үшін мұның салдары өте қорқынышты болады. Міне менің пікірім», деген еді ол. Теңге еркін айналымға жіберілгеннен кейін, теңге бірден 30 пайызға құнсызданып шыға келді. Смағұлов мырзаның 8 ай бұрын айтқан пікірінің дұрыс-бұрыстығын өзіңіз бағамдай беріңіз.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024