Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон марқұм әкесі құрған офшорлық компанияда әйелі екеуінің үлестері болғанын мойындады. Премьердің айтуынша, өз үлестерін әйелі екеуі 2010 жылы 30 мыңға жуық фунт-стерлингке (шамамен 42 мың доллар) сатып жіберген.
Бұған дейін Кэмерон ешқандай офшорлық компанияға қатысы жоқтығын айтқанымен, бұрын-соңды болған-болмағанын нақтыламаған еді. Ол жалақысы мен жинаған ақшасынан түсетін пайыздық табысқа күн көретінін мәлімдеді.
Парламенттік оппозиция бұған дейін премьердің туысының аты "панамалық құжаттарда" аталуына байланысты тәуелсіз тексеру жүргізуге шақырған. Біріккен Корольдіктің салықтар мен кеден мәселелері бойынша Қызметі де құжаттарды мұқият тексеретінін мәлімдеген.
Айта кетейік, жақында жария болған панамалық Mossack Fonseca офшорлық компаниясының құжаттарында премьер-министрдің әкесі - Иэн Кэмерон 1980 жылдары құрылған офшорлық қорды басқарғаны, ол қордың көмегімен ауқатты британдықтардың салық төлеуден жалтарғаны туралы жазылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024