Астана. 5 қаңтар. 7kun.kz – «Дикий Арман» лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК қызметкерінің келісімімен әрекет еткен. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы мен оның орынбасарларының тергеуге алынған. 2021 жылы жасырын түрде орындаушыларды даярлау жұмыстары жүргізілген. Олардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар болған.
«Тергеу мәліметі бойынша Алматыда Жұмагелдиевке ерекше рөл берілді. Біз оның ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі куратордың үйлестіруімен әрекет еткенін анықтадық. Ол жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, тобырды өз бақылауына алуға міндетті болған. Одан кейін «халық кеңесін» құрып, билікке бірыңғай ультиматум қоюға тиіс болған. Бұл ретте оған Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты белсенді түрде көмектесті. «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген қарақшыларға Махатов қару берген», – деді Асылов.
Алайда олар жаппай наразылықтарды басқара алмады. Адамдар олардың соңынан ерген жоқ, деп атап өтті Бас прокурор.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024