Алматы. 6 маусым. 7kun.kz - Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусым күні Алматының ауданаралық соты Арман Жұмагелдиевтің қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынған. Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны белгілі болды. Бұл туралы прокуратураның арнайы қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді.
Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі "Дикий Арман" мен оның қылмыстық тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024