«Дикий Арманның» тобы адамдарды ұрлап, оларды қонақ үй тұрағында ұстаған – Бас прокуратура
Қазақстан. 20 маусым. 7kun.kz – Еліміздің әр өңірінде қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстардың 27 ұйымдастырушысы анықталды, олардың ішінде «Дикий Арманның» рөлі ерекше болды, деп хабарлады Бас прокуратура.
«Олардың арасында Алматы әуежайындағы шабуыл мен Көктөбе телемұнарасын басып алуға әрекет жасағандар да бар. Бүгінде олардың қылмысқа белсене қатысқаны сенімді түрде белгілі болды. Қылмысты ұйымдастыруда қылмыстық ортада «Дикий Арман» атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше болды», – деді Бас прокуратурада.
Бас прокуратураның 1-қызметінің басшысы Серік Шалабаевтың айтуынша, 6 қаңтарда «Дикий Арман» тобының мүшелерінің бірі Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйіне келген қылмыскерлерге Glock және «Макаров» тапаншаларын таратып беріп, оларға тапсырма берген.
«Олар сыбайластарын 10 адамнан тұратын топқа бөліп, жоспарланған қылмыстардағы рөлдерін анықтаған. Басшыларын тағайындап, оларға оқтан қорғайтын сауыт, бас қорғау құралдарын, атыс қаруын және 200 мың теңге ақша берген. Қалған сыбайластарына суық қару, сойыл және басқа да дене жарақаттарын келтіруге болатын суық қару тапсырылған. Айрықша белгі ретінде барлық қылмыскерлердің жеңдерінде ақ таңғыш болуы керек болған», – деді Шалабаев.
Қылмыскерлер қаланың түкпір-түкпірінен 24 азаматты ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақ үйлерінің тұрақтарында ұстаған. Одан кейін оларды металл контейнерге орналастырып, қылмыскерлердің қарулы күзетінің астында қала шетіне апарған. Салдарынан зардап шегушілердің бірі дене жарақаттарынан қайтыс болған.
«Осы қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды. Қылмыстық топтың қалған мүшелерін анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024