Астана шенеуніктеріне EXPO-2017 көрмесіне келетін қонақтар мен туристерді іздеу тапсырмасы берілді деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат отырысын өткізіп, елордада өтетін халықаралық көрменің дайындығы туралы талқылады. Қала басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне туристер мен қонақтарды тарту жұмыстарына баса назар аударды, сонымен қатар, осы бағытта "ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы мен қалалық құрылымдар арасында тығыз қарым-қатынас орнатылуы керек екенін айтты. Әкім Қытай, Ресей секілді мемлекеттердің шекаралас қалаларымен өзара қарым-қатынасты жолға қою мәселесін көтерді. "Қазір біз үшін келушілерді тарту - басты міндетіміз. "Қалалар дипломатиясы" каналдарын тиімді пайдалану қажет, әсіресе, ТМД ірі қалалары мен елордалары Халықаралық Ассамблеясы желісі бойынша", - деді Ә.Жақсыбеков.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024