Экономика
IT, Технология
Диснейлендте моноподпен кіруге тыйым салынбақ
Disney World компаниясы ойын-сауық саябағының қонақтарына селфиге арналған таяқшамен (монопод) кіруге тыйым салмақ. Бұл қауіпсіздік сақтау шараларының бірі десе де болады.
Orlando Sentinel-дің хабарлауынша, Калифорниядағы Диснейлендте аталған шара 30 маусым күні, Париж бен Гонконгта 1 шілдеде күшіне енеді.
«Өкінішке орай, селфиге арналған таяқша қауіпсіздік тұрғысынан көп алаңдаушылық туғызып жатыр. Ол саябақ қонақтары тарапынан да, қызметкерлер тарапынан да туындауда», — дейді Disney World баспасөз-хатшысы Ким Пранти (Kim Prunty).
Саябаққа кіре берісте тексеріс өткізілетін болады.Егер монопод табылатын болса, оны шыққанша тастап кетуге немесе қайтадан көлікке апарып тастауға болады.
Соңғы жылдары осы моноподтың кесірінен жағымсыз жайлар көп орын алып жатыр. Сол себепті бұдан өзге бірнеше жерлерде де таяқшаға тыйым салынған. Мәселен, Нидерландта Креллер-Мюллердің мұражайында, Амстердамдағы Эрмитаждың филиалында, Леувардендегі керамика мұражайында тыйым салыған.
АҚШ-та мұндай тыйым Вашингтондағы ірі бірнеше мұражайлар кешенінде салынған. Ресейде аталған үлгіні Третьяков галареясы ұстанған.