Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Disneyland-ке саяхат

Disneyland-ке саяхат

Әлемге танымал көңіл көтеруге арналған Диснейленд (Disneyland) саябағын көзбен көріп тамашалау барлық баланың арманы. Таңғажайып ертегі кейіпкерлері мен көздің жауын алатын түрлі түске боялған қамал, көңіл көтеруге арналған ойын-сауық кешені саябақты әлемге танытқан. Кәсіпкер Уолт Дисней (Walt Disney) 1955 жылы негізін қалаған ғажайып қалашыққа бару жоспарыңызда болса, парктің құрылу тарихы мен қызықты мәліметтерді алдын-ала оқып білгеніңіз абзал.

[caption id="" align="aligncenter" width="870"] Фото: travelermap.ru[/caption]

Диснейленд (Disneyland) саябағының тарихы

Уолт Дисней (Walt Disney) мен оның бауыры Рой (Roy) 1923 жылы Голливудта өте табысты студия ашты. Студия шығарған өнімдер әлемге танылған тұста Уолт Дисней балаларға арналған үлкен саябақ ашуды ойластырады. Бұл идеяның шығуына түрткі болған басты себеп, кәсіпкер қыздарын ойнатуға паркке жиі барады екен. Нәтижесінде ойлана келіп, елінде бірде-бір балалармен қоса ата-ана да керемет демалатын ешбір саябақтың жоқтығына көзі жетеді.

1940 жылдың басында балаларды мультфильм кейіпкерлері Микки Маус, Қар Ханшайымының қайда тұратыны жөнінде сұрақтар қызықтырды. Уолт Диснейге келіп түскен хатта балалардың студияны көріп, ішкі көрінісімен танысып, мультфильм кейіпкерінің қалай пайда болатынын білгісі келетіндер көп болды. Жай ғана студияның тыныс-тіршілігін көрерменге көрсету қызықсыз болатынын түсінген Уолт, студия жанынан атақты мультфильм кейіпкерлерімен танысатын ойын-сауық кешенін ашуды ойластырады. Бірте-бірте бұл ой балаларға арналған көңіл көтеретін ең үлкен Диснейленд (Disneyland) саябағына айналады.

Бұл саябақтың құрылысы аяқталғанға дейін Калифорния аймағының Буена қаласында Ноттс Берри Фармның балаларға арналған саябағы, Копенгагенде орналасқан Тиволи Гарден ойын-сауық саябағы, Голландиядағы ең ескі және үлкен Ефтелинг саябағы қызу жұмыс істеді. Осы атақты саябақтар негізінде ешқайсысына ұқсамайтын, жеке дара бағдарымен ерекше мультфильмдердің кейіпкерінен тұратын Диснейленд (Disneyland) құрылды. Калифорния аймағының Анахейм қаласында 1955 жылы 17 тамызда тұңғыш рет ашылған Диснейленд (Disneyland) әлемдік саябақ саласына төңкеріс әкелді. Ашылу салтанатын 90 миллион адам тікелей эфирден тамашалаған. Саябаққа ағылған халықтан қала көшелерінде кептеліс басталып, алғашқы ашылуына жазылған 11 000 адам саны соңында 28 000-ға жеткен. Келушілер санының көптігі соншалық, саябақ пен қалада азық-түлік, ауыз су жетпей, тіпті, дәретханаға адамдар ұзақ кезекте тұрған.  Ашылғанына 1 апта толмай жатып  Диснейленд (Disneyland) 1 миллион адамды қабылдайды. Жыл соңында келушілер саны 3,8 миллион болған.

Диснейленд (Disneyland) құрылысы

[caption id="" align="aligncenter" width="621"] Фото: tourist-area.com[/caption]

Алғашқыда Уолт Дисней жаңа жобаның болашағына қаржыгерлерді сендіре алмайды.  Сондықтан батыл шешіммен қарызға ақша алу үшін өзінің екінші үйін сатады.  Бурбанк қаласының әкімшілік басқармасы саябақ құрылысына қажетті жер беруден бас тартады. Алайда, Уолт Дисней Стенфорд зерттеу институты мамандарының көмегіне жүгінеді. Зерттеу институты мамандары нақты қала құрылысы, халықтың орналасу тығыздығы, демографиялық көрсеткіші мен ауа-райы, көлік қозғалысын анықтап, саябақ құрылысын шағын Анахейм қаласындағы 65 гектарлық жерге салуды ұсынады. 1954 жылы 21 тамызда басталған Диснейленд (Disneyland) құрылысы дәл бір жылдан кейін ресми түрде ашылады. Көк түсті ағаштар мен ұзын сонар жол, қонақүйден тұратын саябаққа 17 миллион доллар жұмсалады. Толық аяғына тұрмаған Уолт Диснейге «ABC-TV» телекомпаниясы 6 миллион доллар несие беріп, орнына осы телеканалдың апталық бағдарламасын жүргізуді ұсынады. Алғашқы 5 жыл бойы Диснейленд (Disneyland) компаниясының жарты акциясы Walt Disney Productions компаниясына, ал, екінші жартысы ABC-TV-ға тиесілі болды. 1960 жылы Walt Disney Productions компаниясы ABC-TV-дан 50% акцияны сатып алып, Диснейлендтің (Disneyland) бірден-бір иесі болады.

[caption id="" align="aligncenter" width="800"] Фото: ushistory.ru[/caption]

«Адам қиялы сарқылмайынша, Диснейленд (Disneyland) қарыштай береді», - деген екен Уолт Дисней. Жарты ғасырға жуық тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан ойын-сауық саябағы «Бақытқа толы мекен» (The Happiest Place On Earth) деп аталып кетті.  Диснейленд (Disneyland) тарихында есте қалған айтулы даталар бар:

  • 1959 жылы америкалық шенеуніктер Кеңес одағынының бас хатшысы Никита Хрущевтың Диснейлендке кіру қауіпсіздігіне қарсылық көрсеткені үшін халықаралық жанжал болған.
  • 1959 жылы ең қымбат «Е» билеті сатылған. Оны сатып алушы ең қызықты әрі қымбат ойын-сауық кешендерінде отырып, көңіл көтерген.
  • 1963 жылы қозғалмалы және әуен шығаратын «аниматроника» терминін алып келген «The Enchanted Tiki Room» ойын-сауық кешені ашылды.
  • 1964 жылы Диснейленд (Disneyland) саябағының табысы «Дисней» студиясынан асып түсті.
  • 1966 жылы Уолт Дисней (Walt Disney) қайтыс болды.
  • 1981 жылы Диснейлендке (Disneyland) келушілер саны 200 миллионға жетті.
  • 1985 жылдан бастап саябақ үзіліссіз 1 жыл бойы жұмыс істейтін болды.
  • 1999 жылы кезек күтпес үшін келушілерге Фаст Пасс (FAST PASS) билеті шығарылды.
  • 2004 жылы Билл Троу Австралиядағы Диснейлендке (Disneyland) келушілер саны 500 миллион болды.

ХХ ғасырда АҚШ-та аты аңызға айналған ең табысты Диснейленд (Disneyland) ойын-сауық саябағының 1971 жылы Флорида штаты Орландо қаласында екінші нысаны ашылып, кейін Еуропаның басқа да қалаларында ашыла бастады. Балалар үшін билет бағасы 74 доллар, үлкендер үшін билет құны балалардыкінен 5 есе қымбат.

Диснейленд (Disneyland) қандай елдерде ашылған?

Әлем бойынша 5 мемлекетте Диснейленд (Disneyland) ойын-сауық саябағы жұмыс істейді. Мысалы, 1983 жылы Японияның астанасы Токио қаласында, 1992 жылы Францияда, 2005 жылы Гонконгта ашылды.

Диснейленд (Disneyland) АҚШ Орландо қаласында   

[caption id="" align="aligncenter" width="500"] Фото: kudabilet.net[/caption]

1966 жылы Орландо қаласында ашылатын екінші ойын-сауық саябағының құрылысына жауапты өмірден озған Уолт Диснейдің бауыры Рой болды. 11 000 гектарды алып жатқан әлемдегі ең үлкен саябақ (Blizzard Beach, Typhoon Lagoon) екі су саябағы мен 4 ірі аймақтан тұрады:

1971 жылы ашылған алғашқы Magic Kingdom аймағында түрлі мульфильм кейіпкерлерінің топтық шеруі болады.

1982 жылы ашылған екінші аймақ саябақтың нышаны -  Spaceship Earth кешені. Бұл аймақ жаһанданған дәуірдің технологиялық жетістіктеріне арналады.

1989 жылы іске қосылған үшінші аймақ Hollywood Studios. Бұл аймақ өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы кино саласының бастауынан Голливудқа дейінгі кезеңге арналады.

1998 жылы ашылған соңғы аймақ - Animal Kingdom. Аймақ ұзындығы 44 метрге жететін өмірлік ағаш Фаунаға арналып жасалған. Келуші қонақтар құстар мен сүтқоректі жануарлардың 300-ден астам түрін тамашалай алады. Билет құны балалар үшін 79 доллар (3-9 жас), үлкендер үшін 85 доллар. Ал билетті саябақтың барлық аймағы бойынша сатып алатын болсаңыз сәйкесінше 114 және 120 долларды құрайды.

Диснейленд (Disneyland) Токиода

[caption id="" align="aligncenter" width="500"] Фото: kudabilet.net[/caption]

Аумағы 465 километр квадрат, Walt Disney компаниясының иелігіне жатпайтын, АҚШ-тың Oriental Land компаниясының құзырында құрылған ең бірінші Токиодағы Диснейленд (Disneyland) саябағы. Жыл сайын ойын-сауық саябағына 10 миллион адам келеді. Саябақ шекарасы 7 аймаққа бөлінген:

  • «Мультящек»
  • «Әмбебап базар»
  • «Жануарлар»
  • «Жабайы батыс»
  • «Оқиғалар»
  • «Қиял-ғажайып»
  • «Болашақ»

11 жасқа дейінгі балаларға арналған билет құны - 4100 йен, 17 жасқа дейінгі  жасөспірім билеті – 5300 йен, үлкендер үшін – 6200 йен. Ал сәбилерге тегін. Барлық аймақты аралау билет бағасы сәйкесінше 53 000, 80 000 йен.

Диснейленд (Disneyland) Парижде

[caption id="" align="aligncenter" width="500"] Фото: kudabilet.net[/caption]

1992 жылы 12 сәуірде ашылған саябақтың билет бағасы 61 евро. Мұнда ойын-сауық саябағының шекарасы 3 аймақтан тұрады. Алғашқы бөлігі «Parc Disneyland» деп аталады. Қар ханшайымы ұйқыға кететін 5 бөліктен тұратын қамалға арналып жасалған. Екінші аймақ 2002 жылы «Studios Park» атауымен ашылды. Ол кино өндірісіне арналған. Үшінші «Village» аймағы. Мұнда қуыршақ Барбиге арналған кешендерді көруге болады.

Диснейленд (Disneyland) Гонконгта

[caption id="" align="aligncenter" width="500"] Фото: kudabilet.net[/caption]

2005 жылы 12 қыркүйекте ашылған соңғы Диснейленд (Disneyland) Гонконгта. Бұл саябақ  Қытайдың  Гонконгта алғаш салған ойын-сауық саябағы. 120 гектар аумақты алып жатқан ең жас саябақ 5000 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жылдық табысы 3,5 млрд доллар. Саябақ Fantasyland, Tomorrowland, Adventurland, Main Street USA деген 4 аймақтан тұрады. Өзге елдердегі Диснейленд  (Disneyland) ойын-сауық саябағынан Гонконг саябағының айырмашылығы толықтай балаларға арналып жасалынған. Қытай компаниясының жоспарлауынша бұл саябақ алдағы 40 жылда 19 млрд табыс алып келуі тиіс. Ол үшін жылына келушілер саны 10 миллионнан төмендемеуі керек. Алайда бұл саябақ өзге елдердегі 4 Диснейленд  (Disneyland) сияқты биік көрсеткішке қол жеткізген жоқ.

Похожие материалы