Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 2 теңгеге арзандады

Доллар 2 теңгеге арзандады

Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 332,57 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,40 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 70 млн 650 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 131.

Ақша айырбастау орындарында 5 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 334,9 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы