Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 386,01 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (385,96 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,05 теңгеге арзандады.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 388 теңге, Алматыда – 388 теңге болды.
Ұлттық банктің 22 тамыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 386,05 теңгені құрайды.