Қазақстанда АҚШ долларының бағамы әлі де құлдырап жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,07 теңгеге төмендеп, 427,80 теңге болды. Ал доллардың 5 мамырдағы ресми бағамы 436,85 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы 431,13 теңге, ал сатылымда - 436,63 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 431,24 теңгеден сатып алып, 435,00 теңгеден сатып жатыр.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024