Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,92 теңгеге арзандап, 462,91 теңге болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық Банкі 6 сәуірге доллар бағамын 462,91 теңге көлемінде белгіледі. Айта кетейік, америкалық валютаның 5 сәуірдегі ресми бағамы 472,76 теңге.
Kurs.kz бойынша ақша айырбастау орындарында доллар 466-470 теңге, еуро 501-516 теңге, ресей рублі 5,3-5,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.
Сондай-ақ, WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 1,10%-ға өсіп, барреліне 103,89 долларға жетті. Ал Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерсінің құны 0,90%-ға өсіп, барреліне 108,58 долларды құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024