Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 4 теңгеге арзандады

Доллар бағамы 4 теңгеге арзандады

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылдың 16 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 357,24 теңге болды. Доллар 15 ақпандағы күндізгі сессиямен салыстырғанда 4 теңгеге арзандады. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 357 теңгені құрады. Максималды курс — 363,73 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 357 теңге болды.

Таңғы сессияда сауда көлемі 14 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 30.

15 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 16 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 362,10 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында 16 ақпандағы доллардың максималды курсы — 361 теңге (Алматы уақытымен 11:00).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Фото: m-astana.kz

Похожие материалы