Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 379,86 теңгеге түсті

Доллар бағамы 379,86 теңгеге түсті

2016 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 379,86 теңге болды. 21 қаңтардағы таңғы сессиямен салыстырғанда доллар 3,37 теңгеге арзандады, деп хабарлайды биржаның ресми сайты.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 373,86 теңгені құрады. Максималды курс — 389 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 382 теңге болды.

Таңғы сессияда сауда көлемі 85 млн 050 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 75.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Алматы қаласындағы ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 392 теңгеден сатылуда. Ал 18 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы — 383,91 теңге.

Похожие материалы