Экономика
Доллар бірден 4,25 теңгеге қымбаттады
Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 15 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 334,83 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,50 теңгені құрады. Жоғары курс – 335,40 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,85
теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 30 млн 050 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 179.
Доллар федералды резерв жүйесі базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін қайтадан нығайды. 14 желтоқсан күні 1 доллар 331,80 теңгені құраған. Бүгін бірден 4,25 теңгеге қымбаттады. Таңғы сессия қорытындысы: 1 доллар - 334,83 теңге.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Ақша айырбастау орындарында 15 желтоқсандағы доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:20) Алматыда 337,5 теңгені құраған.