2016 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 339,79 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 336,16 теңгені құрады. Максималды курс — 340,30 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 339,40 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 53 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 117. Ал ақша айырбастау орындарында 18 сәуірдегі доллардың максималды курсы — 341 теңге (Алматы уақытымен 11:00). Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024