Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар курсы 450 теңгеге өсуі мүмкін бе?

Доллар курсы 450 теңгеге өсуі мүмкін бе?

Жақын уақытта нарыққа теңгенің үлкен көлемі шығарылмақ.
Өткенде Елбасы айтқан әлеуметтік көмектерді айтамыз. Ол айналып келгенде теңге бағамының шарықтауына әкеледі. Қалай дегенмен де, оның алдын алуға арналған әдіс-тәсілдер бар, тек қана оларды тиімді тұрғыда қолдана білу қажет.

Қазіргі уақытта инфляцияның күшеюі және доллар бағамының өсу қаупі туындап отыр. Пессимистер "доллар бағамы 450 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін" деп отыр. Алайда оған қарсы шаралар бар, оларды уақытылы іске қосыла ма, міне, мәселе осында?

Ақша көбейген сайын – баға да жоғарылай ма?

Экономист Асет Наурызбаевтың айтуынша алдағы уақытта нарыққа теңгенің үлкен көлемі қосылмақ. Бұл жақын уақытта мемлекет тарапынан тағайындалып жатқан түрлі әлеуметтік жәрдемақылар. Сол себепті де осы тұстан түрлі жағымсыз сценарийлер бастау алмақ.

Пессимистер қауымы «көп ақша – жоғары баға» тізбегінен қорқады. Және де бұл қорқыныштың түп негізі бар.

- Бұл көлемді қаржы нарыққа шығатын арна «инфляциялық-қауіпті» деп аталады. Қазіргі уақытта оны тоқтататын факторлар бар, мысалы, тұрғындардың банктер алдындағы үлкен несиелік қарызы. Сол себепті де, «жаңа ақшаның» ауқымды бөлігі несиелік қарыздарды өтеуге жұмсалады. Соған қарамастан қауіп жойылмайды, - дейді сарапшы.

Сонымен, жаңа ақша несиелік қарыздарды жабудан басқа қайда жұмсалуы мүмкін.

Ең тиімсіз жолы – сырттан келетін тауарларға сұраныстың артуы. Пессимистер, тура осылай болжап, сырттан келетін тауарларға сұраныстың арту есебінен, жергілікті сатып алушы-делдалдар тауар тасымалын арттыру үшін үлкен көлемде валютаны сатып алуы мүмкін дейді. Бұл өз кезегінде теңгенің курсына өзіндік әсерін тигізері сөзсіз.

Ендігі сауал – бұл жағдайдан шығу жолы қандай?

Бүгінгі таңда бізде қолданылмай келе жатқан ішкі қуаттылықтарымыз бар. Сондықтан қазіргі уақытта ең негізгі мақсат - ұсынысты отандық өндірушілерге қарай бұру қажет.

Бұл мемлекет тарапынан күш салуды қажет етеді. Мысалы, соларға арналған жеңілдетілген бағдарламаларды шығарып беру керек.

Айналымдарын арттырып, шетелдік өндірушілермен бәсекелесе алатындай деңгейге шығу үшін айналымдық несиелер беру қажет. Велосипедті ойлап табудың қажеті жоқ, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын бізге дейін ойлап тапқан, - дейді Наурызбаев.

Жылан көбейсе – жылан аулаушыларды дайындаңыз

- Әрине, үкімет алдын-ала дайындалып, инфляцияны монетарлық емес, тауарлық әдіспен басса жақсы болар еді. Жаңа өтімділікті импортелердің қолына өтуіне жол беруге болмайды. Бұл үкімет пен Ұлттық банктің басты «қозғалысы» болу керек, - дейді ол.

Наурызбаев мынадай балама келтіріп өтті. Бірде астында жылан ұя салған сарайды көтеріпті. Жан-жаққа бытырай қашқан жыландар тұрғындардың мазасын алыпты.

- Егер сіздер бірнеше триллионды экономикаға салатын болсаңыздар, онда сол «жыландарды» ұстауға дайын болуларыңыз керек. Яғни оның айналасында соны ұстап алатын аулаушылар тұруы керек. Біздің жағдайымызда ол қуаттылығы бар тауар өндірушілер, - дейді сарапшы.

Егер бұны жасау қолымыздан келіп жатса, бұл мемлекетіміздің үлкен жетістігі болады. Ал, егер қолдан келмесе, онда инфляция шиыршық атып, импорттың артуы өз кезегінде теңгенің курсына қысым жасайды.

- Негізінде Ұлттық банкте бұл қысымды жасанды түрде жоюға арналған қорлар бар. Алайда, бұл тиімсіз. Біз енді ғана теңгеміздің нарықтық курсының тұрақталғанына қол жеткізген кезде, интервенцияға қайта барғанымыз дұрыс емес. Біз онсыз болғанымыз жақсы. Ол жағдайда, не болып жатқанын саралай аламыз, - дейді Наурызбаев.

Теңге курсының қаншаға дейін құлдырайтынын экономист болжамады. Нарық қаншалықты мүмкіндік берсе, соншалықты деңгейде отырады. Оған қоса, спекуляция жасауға мүмкіндік туған бетте, онымен айналысушылар табыла кетеді.

Сондықтан қауіп жоқ деп айта алмаймыз. Алайда, оның алдын-алу әбден мүмкін.

Егер ештеңе жасалмайтын болса, онда инфляция шиыршық атып, доллар курсы өседі. Бұл тұста пессимистердің айтқаны дұрыс. Ол туралы, экономист «ұзақ және қатты» айту қажет дейді.

Болжамдармен асығудың қажеті жоқ

Экономист Расул Рысмамбетов бірінші маусымда валюта бағамына болжам жасау дұрыс емес дейді.

- Теңге бағамы – біздің экономикамыздың қуаты. Егер үкімет Ұлттық банкпен бірлесе жұмыс жасай отырып, тауарлардың аз бөлігін экспорттау тәуелділігін азайта отырып, экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізе алса, онда бағамның тұрақталуын күтуге болады, - дейді ол.

Шынына келгенде, бұл тұста сарапшы қасаң көзқараста, себебі, кейбір мемлекеттік бағдарламалар әлі де жоспарланған қуаттылықтарына шықпаған.

- 2019 жылдың екінші маусымының соңында ғана үкіметтің жұмысын қаншалықты сәтті бастағандығы жөнінде айтуға болады.

Оған қоса, долларға қатысты теңгенің бағамы АҚШ ФҚЖ тарапынан қойылатын қатаң шарттарға байланысты әлсіреуі мүмкін.

Алайда, ақпан айының соңында Трамп доллардың қатты тұрақталғанын айтты. Мұны Ақ үйдің АҚШ-тың монетарлық билігіне қысым ретінде бағалауға болады. Егер Трамп ФҚЖ-ны қазіргі бағамдар дәлізінде тұрақтауға көндірсе, онда бұны біздің теңгеміздің және экономикамыздың тұрақты дамуына берілген мүмкіндік деп қолдануға болады, - дейді сарапшы.

Алайда, теңге бағамына қысым жасайтын үшінші фактор – Ресейге қарсы санкциялар болып қала береді.

Егер оларды күшейтетін болса, онда ол өз кезегінде біздің валютамыздың бағамдық тұрақтылығына жағымсыз әсер етеді.

Дереккөзі: 365info.kz

Похожие материалы