Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар әлсіреп жатыр

Доллар әлсіреп жатыр

Алматы. 21 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 21 шілдедегі доллардың орташа бағамы 324,95 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 324,70 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 325,30, сауданың аяқталуы кезінде 324,98 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 118 млн 800 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 187.

Ақша айырбастау орындарында 21 шілдедегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 326,6 теңгені құраған.

Похожие материалы