Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы бірден 10 теңгеге арзандады деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 10,13 теңгеге төмендеп, 473,61 теңге болды. Ал Ұлттық Банк бекіткен АҚШ валютасының 29 наурыздағы ресми бағамы 484,49 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 463-469 теңгеден, еуро 516-523 теңгеден, рубль – 5,1-5,6 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.
Сонымен қатар, 29 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 1,33%-ға арзандап, барреліне 108,03 долларды көрсетуде.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024