
Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 тамыз доллардың орташа бағамы 330,43 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 329,05 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,43 тг, сауданың аяқталуы кезінде 331,43 тг болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 100 млн 400 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 363.
Ақша айырбастау орындарында 1 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.20) Алматыда 333 теңгені құраған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025