Нью-Йорк. 26 желтоқсан. 7kun.kz - АҚШ Президенті Дональд Трамп өз міндетіне кірген соң, Барак Обаманың бұйрықтарының 70%-ның күшін жоюға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Конгресс өкілдері Палатасының бұрынғы спикері Ньюн Гингрич Fox News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның атап өтуінше, бұл оңай жұмыс емес, білікті заңгерлер тобы қажет. Барак Обаманың саясатын Гингрич негативті бағалап отыр. "Қазіргі президенттің артына қалдырғанын ішінен ауасы кеткен сайын азайып, салмағын жоғалтып жатқан үрленбелі қуыршақпен салыстыруға болады", - дейді ол. Бұрынғы спикер бір кездері республикандықтардың наразылығын туғызған Барак Обаманың денсаулық сақтау саласындағы реформасына да бағасын беріп өтті. Оның ойынша, егер Обама екі жақтағы партияның қолдауына ие болса, жобалары әлдеқайда мықты болып, ұзаққа шыдайтын еді. Бірақ республикандықтардың бұл жобаға қатысты болашақтағы ниеттері белгісіз. Олар заңды кері қайтаруы немесе жартылай күшінде қалдыруы мүмкін.Айжан ТЫНЫШБЕК "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024