Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дональд Трамп Назарбаевқа хат жолдады

Дональд Трамп Назарбаевқа хат жолдады

Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz – АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, онда Конституцияға сәйкес билікті тапсыру бастамасына қолдау білдірді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Құрметті президент мырза, сізді еліңіз үшін осы тарихи сәтпен құттықтаймын. Қызметіңіздегі 30 жылден кейін сіз өз еліңіздің басшысының ұзақ әрі табысты мұрасын артыңызда қалдырдыңыз. Мен билікті заңды түрде беру үшін конституциялық процедураға бастамашылық жасау туралы сіздің шешіміңізге қол соғамын», - деді Д. Трамптың 1 мамырдағы хатының мәтінінде.

Сондай-ақ, хатта Америка президенті АҚШ пен Қазақстан екіжақты қарым-қатынастарда үлкен табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

«Америкалық кәсіпорындар Қазақстанда ынтымақтастықты кеңейту үшін салаларды табуды жалғастыруда. Сіздің өткен жылы Ақ үйге сапарыңыз ынтымақтастықты тереңдетуде маңызды қадам болды», - деді Д. Трамп.

Дональд Трамп жазуынша, Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан «әлемдік деңгейде табысқа қол жеткізді»

«Мен сіздің президент ретіндегі қолдауыңызды және жұмысыңызды бағалаймын, енді мен Президент Тоқаевпен де жақын қарым - қатынастарды күтемін», - деп жазды хатында Америка басшысы.

Похожие материалы