Досаев желтоқсанға дейін ЕДБ портфелдерін тәуелсіз бағалауды аяқтауға уәде берді
Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ағымдағы жылдың желтоқсанына қарай Қазақстан нарығына қатысушы банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жұмыстарын аяқтауға уәде берді.
"Еуропалық орталық банктің әдіснамасын бейімдеу бойынша жұмысты 29 шілдеге дейін аяқтаймыз, 1 тамыздан бастап банктердің активтерін бағалауға кірісеміз және бұл жұмыс қараша айының соңына - желтоқсан айының басына қарай аяқталады", - деді Досаев.
Оның айтуынша, тәуелсіз баға таза қазақстандық банктер, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік акционерлер қатысатын банктер портфельдерінің сапа жағдайына беріледі. Бұдан әрі, Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп алдағы 2-3 жылға арналған осы тәуелсіз бағалаудың қорытындысы бойынша шаралар мен ұсынысдар қабылдау жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын жасайды.
"Біз банктердің активтерін бағалау инвесторларды тартуға және Қазақстанның банк жүйесіің беделі мен сенімін көтеруге мүмкіндік береді деп есептейміз", - деді Ұлттық Банк төрағасы.
Оның мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында банктердің 624 млрд теңге сомасына жұмыс істемейтін қарыздарды есептен шығаруы нәтижесінде несие қоржыны 12,5 млрд теңгеге дейін төмендегеннен кейін, банктердің кредиттік қоржыны ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында 2,2%-ға ұлғайып, 12,8 трлн теңгеге дейін өсті.
"Жыл басынан бері банктер 14,2%-ға жаңа несие берді, ақша-несие шарттары жеңілдетілді. Қаржыландыру базасын жақсарту үшін халықтың депозиттері бойынша ең жоғары ставкалар уақыт пен жинақ салымдарының пайдасына тиісінше 12,5 және 13,5%-ға өсті. Шетел валютасындағы салымдарды теңгелік салымдармен алмастыру жалғасып жатыр. Жыл басынан бері депозиттерді долларландандыру деңгейі 32,1%-ға дейін төмендеді", - деді Досаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024