Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дүниежүзілік орталық банктер АҚШ облигацияларын 48 млрд долларға сатты

Дүниежүзілік орталық банктер АҚШ облигацияларын 48 млрд долларға сатты

Әлемдік экономикадағы мәселелер барған сайын айқындала түсіп, үйлесімсіздік артып жатса, инвесторлар тіпті ең мықты экономикаға сенімін жоғалтуда. Осы себепті өткен жылдың соңында ресми мекемелер, яғни орталық банктер, резервтерді басқаратын мемлекеттік қорлар, АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларының рекордтық мөлшерін сатты, деп хабарлады vestifinance.ru

Дамушы елдердің орталық банктері АҚШ-тың қазыналық құнды қағаздарын сататыны бірнеше ай бұрын белгілі болды. Себебі, АҚШ облигациялары қордағы ең өтімді құралдардың бірі болып табылады. Валюталардың кең ауқымды девальвациясы, ұлттық экономикалардың бәсеңдеуі және басқа да жағымсыз тенденциялар үкіметті қолжетімді жинақталған қаражатты пайдалануға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан басты шешім, АҚШ облигацияларын валютамен бірге сату болды. Тек 2015 жылдың желтоқсан айында бүкіл әлем бойынша ресми мекемелер 48,1 миллиард долларды құрайтын АҚШ облигацияларын сатты. Бұл тарихтағы бір ай ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Похожие материалы