Астана. 27 мамыр. 7kun.kz – Alibaba Group компаниясының негізін салушы Джек Ма Азия, Еуропа және АҚШ кәсіпкерлеріне арналған тегін электронды жол салуды ұсынды. Бұл туралы ол Астана экономикалық форумында мәлімдеді.
Бизнесмен осыған байланысты кезінде Қытай мен Еуропаны біріктірген Жібек жолын мысалға келтірді. Оның ойынша электронды жол АҚШ, Азия және Еуропаның кәсіпкерлері мен тұтынушыларын біріктіреді. «Электронды жол арқылы кез келген орта бизнес тегін жүріп, өз кәсібін тегін жүзеге асыра алады", - деді Джек Ма.
Оның сөзінше, соңғы 20 жылдағы жаһандану дамушы елдердегі орта және шағын бизнеске пайда әкелмеген.
Айта кетейік, электронды коммерция саласындағы ең ірі компания Alibaba 1999 жылы құрылды. Өткен жылдың қыркүйек айында ретейлер алғаш рет акцияларын IPO-ға шығарып, нәтижесінде 25 млрд доллар пайда әкелді. Нарықтық капиталдандыруы 223 млрд долларды құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024