Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – АҚШ президенті Джо Байден жоспардан тыс сапармен Киевке барды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Киевте жүрген АҚШ президентінің суретін Украина президенті Владимир Зеленский жариялады.
«Джозеф Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – украиналықтарды қолдаудың жарқын көрінісі», – деп жазды Зеленский.
АҚШ президенті де твиттерге жазба қалдырды. Ол Украинаға 500 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек пакетін беретінін айтты.
«Мен президент Зеленскиймен кездесіп, демократияға мызғымас адалдығымызды, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын растап, қолдау үшін бүгін Киевке келдім. Украина әлсіз, ал Батыс елдері бөлініп кетті деп есептеген Путин қатты қателесті», – деді ол.
Айта кетейік, бұл 2022 жылғы 24 ақпанда қақтығыс басталғаннан берігі Байденнің Киевке алғашқы сапары. Америка президенті Киевке 20-22 ақпанда Польшаға сапары аясында барғаны анықталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024