Нью-Йорк. 21 наурыз. 7kun.kz - 2017 жыл әлемдегі ең бай адамдар үшін сәтті жыл болды: миллиардерлердің саны бірден 13 пайызға артқан. Адамзат тарихында миллиардерлердің саны алғаш рет 2 мың адамнан асты. Бұл туралы Forbes.kz жазды.
Тізімге кірген әлемдегі ең бақуатты адамдардың жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға өсіп, 7,67 трлн долларға (өткен жылы бұл көрсеткіш 6,48 трлн доллар еді) жеткен. 2017 жылғы Forbes тізіміне 195 жаңа есім қосылған. Олардың көбі Қытай (76) мен АҚШ-тан (25). 78 адам байлығының қысқаруына байланысты тізімнен шықса, жиырмасы қайтыс болған.
Сондай-ақ, тізімге (дәстүрлі түрде) бес қазақстандық енді.
Алдымен, 896-орында 2,3 млрд доллары бар Болат Өтемұратов тұр. Оның жағдайы өткен жылғы деңгейде, бірақ 125 саты төмен түскен. Одан кейінгі орынға бір жылда 600 млн доллар тапқан Владимир Ким тұрақтады (1,5 млрд доллар еді, $2,1 млрд болды). Бұл кәсіпкерге 1198-орыннан 973-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Тап сондай 973-орынға Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева тұрақтады. Forbes олардың байлығы 2,1 млрд доллар деп бағалады.
Ең бай бес қазақстандықтың тізімін Әділжан Ибрагимов аяқтайды. Басылымның айтуынша, ол 1,9 млрд долларға бағаланған мүлкімен 1098-орында тұр. Өткен жылы оның "қалтасында" 1,5 млрд доллар бар еді.
Осылайша, өткен жылы қазақстандық миллиардерлер жалпы есептегенде $1,2 млрд табыс тауып, $1,5 млрд шығынға ұшыраған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024