Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz - 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттің көмегіне мұқтаж жандар үшін жәрдемақы көбейетін болды. Елбасының Ұлт жоспары аясындағы тапсырмасына сай, Қазақстан атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа сипатына көшеді. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.
−Жаңа сипаттағы әлеуметтік көмек аясында «Өрлеу» бағдарламасы жүргізілген болатын. «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруға биыл 7,1 млрд теңге қарастырылған. Жылдың алғашқы жартысында жобаға қатысқан 107 мың 87 адамның 95 пайызы жұмыспен қамтылды. Жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы 4949 теңгеден 15 мың 325 теңгеге өсті. Тұрақты жұмыс орындарына жобаның барлық еңбекке қабілетті қатысушыларынан 73,3 пайызы орналасқан. Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке дайындық шеңберінде, Қазақстанда міне төртінші жыл «Өрлеу» жобасы іске асырылуда, - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Атаулы әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан ҚР азаматтары үшін мемлекет есебінен оқу, шағын несие алу, еңбек ресурстары тапшы өңірлерге қоныс аудары мүмкіндігі туады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024