Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы барлық теңге несиелерінің 50 пайызын бермекші деп хабарлады ЕҚҚДБ-ның Астанадағы басшысы Анар Омарова.
"Біз тұрақты қауіпке байланысты компанияларды қаржыландырғымыз келеді. Барлығы болмаса да, 50 пайызын теңгелей бере аламыз. Осы жылы 1 млрд доллар бөлінеді, 2016 жылы да солай болады деп ойлаймын", - деді ол журналистерге. Омарованың мәлімдеуінше, осы жылы ЕҚҚДБ Қазақстанға 500 млн долларға несие береді. "Жыл соңына дейін тағы көтереміз", - деп түсіндірді ол. Бірақ құпиялылық пен әрбір қарыз алушы үшін жеке қалыптасатындығына сілтеме жасап, несиенің қандай шарттарға байланысты берілетіндігін айтудан бас тартты. Оның сөзінше, қазақстандық қоғамдағы девальвациялық қауіпке қарамастан ЕҚҚДБ ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді тұрақтылықты ұстанады. "Егер девальвация осы жылы өтсе, клиентті 10 жылда ақшаны қайтарады деген ұзақ мерзімді перспективаға бағыттаймыз. Девальвация жыл сайын түрлі пайызбен бола бермейді ғой. Ұзақ мерзімді перспективада теңге мен пайыздық мөлшерлемеде тұрақталады", - деді Анар Омарова.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024