Қазақстанның электрондық үкіметі порталында 4 миллионыншы пайдаланушы тіркелді деп хабарлайды электронды үкіметтің баспасөз қызметі.
eGov-тың мерейтойлық пайдаланушысы - Ақтөбе қаласының тұрғыны Анна Вендер. Бұдан 7 ай ғана бұрын портал пайдаланушыларының саны 3 миллион белгісінде болды. Ал өткен жылдың сәуір айында бұл сан 2 миллионды құрады. eGov қызметтерін ХҚКО-да, қарапайым компьютер арқылы, қоғамдық қол жеткізу пунктілерінен, eGov мобильдік қосымшасы және SMS-арнасы арқылы пайдалануға болады. Айта кетейік, eGov.kz электрондық үкімет порталы 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына онлайн қызметтер көрсетеді. 2015 жылдың 1 шілдесіне қарасты электрондық үкіметпен 100 миллионнан астам электрондық қызмет көрсетілді. 2014 жылы БҰҰ электрондық үкіметтің даму рейтингінде Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 10 сатыға көтеріліп, 28-ші орынға ие болды.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024