Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 26,5 мың теңгені құрады

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 26,5 мың теңгені құрады

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылдың мамыр айында 26,5 мың теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14% артық (23,2 мың теңге), деп хабарлады Finprom.kz.

Маңғыстау облысында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс минимумы 32,3 мың теңгені құрайды (жылдық өсім 17,4%). Бұдан әрі, Астанада 30,6 мың теңге (өсім 17,4%). Ал, Алматыда орташа өмір сүру құны 29,9 мың теңгені құрайды (өсім 12,4%).

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең көп өсуі Ақмола облысында (18,9%), Маңғыстауда (17,4%) және Батыс Қазақстанда (15,9%) тіркелді.

Көп жылдық динамикада қазақстандықтардың күнкөріс минимумы жыл сайын орта есеппен 9,7%-ға өсіп келеді.

Мысалы, 2012-2017 жылдар кезеңінде орташа күнкөріс деңгейі 7 мың теңгеге, 16,8-ден 23,8 мың теңгеге дейін өсті. Тек 2017 жылы бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 10% немесе 2,2 мың теңге болды.

2018 жылдың мамыр айында әлеуметтік-демографиялық топтардың орташа өмір сүру құны 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 10,9%-ға өсті.

13 жасқа дейінгі балалардың күнкөрістің деңгейі 21,4 мың теңгені (2017 жылғы желтоқсан - 19,7 мың теңге) құрады. 18 жастан асқан ер кісілер үшін көрсеткіш 31,4 мың теңге (2017 жылғы желтоқсанда - 28,2 мың теңге), әйелдер үшін 25 мың теңге (2017 жылғы желтоқсан - 22,4 мың теңге) белгіленді.

2018 жылдың мамыр айында зейнеткерлер мен қарт адамдардағы күнкөріс минимумы 24,8 мың теңгені құраса, 2017 жылғы желтоқсанда 22,2 мың теңгені құрады.

Жыл басынан бергі (2018 жылдың мамыры мен 2017 жылғы желтоқсан) кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға мен тарифтер 2,4%, оның ішінде азық-түлік тауарлары 2,9%, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 2,1% % болды.

Осылайша, тауарлар мен қызметтердің бағасы күнкөріс деңгейіне қарағанда баяу өсуде.

Похожие материалы